Алматыда 11 жастағы бала салынып бітпеген көпірде қалып қойды

Алматы қалалық ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1518

Алатау ауданында баланың қатысуымен оқиға болды: ол өзі салынып бітпеген жаяу жүргіншілер көпіріне шығып алып, қайта түсе алмай қалған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД жазды.

11 жастағы бала құрылыс нысанына көтерілген, алайда биіктікке шыққан соң қорқып, өздігінен түсе алмай қалған. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары баланы үш сатылы баспалдақтың көмегімен эвакуациялады.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін мамандар балаға түсіндіру-алдын алу әңгімесін жүргізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...