Алматыда студент Ақнардың қаза табуына қатысты іс бойынша әзірге күдіктілер жоқ – ІІМ

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

2024 жылғы шілдеде Алматыда қаза тапқан студент Ақнар Гүлстанның өліміне қатысты іс бойынша әзірге ешкім күдікті ретінде танылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс министрліктің Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Алматы қаласына аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші іссапармен жіберілді. Осы қылмыстық іс бойынша әзірге ешкім күдікті ретінде танылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр», – деді Әділов бейсенбі күні Сенат кулуарында.

Аталған іс бойынша сараптама қорытындылары мен қылмыстық істің бірқатар материалдары халықаралық тергеу тапсырмасы аясында Қытай Халық Республикасына жолданған.

«Қытайдағы әріптестерімізден нәтижелерді күтіп отырмыз. Себебі марқұм бұған дейін сол елде оқып, тұрған», – деп қосты ІІМ министрінің орынбасары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында 2022 жылы адам өлімімен аяқталған қылмыстың мән-жайы төрт жылдан кейін анықталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Алматыда емізулі сәбиін құшағына а...