Алматы-Бішкек тасжолында 8 айлық сәби табылды

Фото: instagram/volontery_lider.kz_almobl

ЖАҢАЛЫҚТАР
691

Еріктілер 2025 жылғы 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданынан табылған кішкентай қыздың анасын немесе жақын туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланды,  деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Еріктілердің мәліметінше, баланы күндіз Алматы - Бішкек тасжолының бойынан өтіп бара жатқан адамдар тауып алып, полицияға хабарлаған. Сырт келбетіне қарағанда, ол - шамамен 7-8 айлық сәби. Бүлдіршін ақ-қызғылт түсті комбинезон және қызғылт телпек киген.

Еріктілер баланың туыстары туралы ақпарат білетіндерден көрсетілген телефон нөміріне хабарласуды, директке жазуды немесе "102" арнасына қоңырау шалуды сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...