Астанада болған ірі өрттен тірі қалғанымен, үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер...
Әйгерім Алтынбек Италияда өтіп жатқан Халықаралық опера әншілеріне арналған байқаудың финалына өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
1788
Әйгерім Алтынбек Портофинодағы CLIP байқауының финалына өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауы 2025 жылдың 22–27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр.
CLIP байқауы алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 32 жасқа дейінгі опера әншілері үшін ең беделді халықаралық додалардың біріне айналды. Қазылар алқасының құрамында Милан қаласындағы «La Scala», Монте-Карлодағы Опера, Буэнос-Айрестегі Колон театры, Мадридтегі Король театры, Висбаден мемлекеттік театры сынды танымал театр басшылары бар.