Қоғамда үлкен дау туғызған, заң жобасын талқылау кезінде резонансқа дейін жеткен «Қазақстан Ре...
Қосшыда жол жиегінен пакетке салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: Gov.kz
141
Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәресте салынған пакет табылды. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қаланың жеке секторларының бірінде жол жиегінен ішінде шамамен 6–7 айлық жаңа туған ұрық болған пакет анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өлі туғаны немесе туғаннан кейін шетінеп кеткені анықталуға тиіс.
Ақмола облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомстводан.