Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Чайковский көше...
“Айлыққа адам үй сала алмайды”: Кәсіпкер бұрынғы жұмысшысының жылқыларын ұрлағанына сенімді
Коллаж: әлеуметтік желі
Ақтөбеде қоғамда қызу талқыға түскен жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісіне қатысты шаруа қожалығының иесі Тәжіғали Елеуов алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап беріп, оқиғаға қатысты өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тәжіғали Елеуовтің айтуынша, Рахат Сәрсенов ұзақ жылдар бойы қожалықта жұмыс істегенімен, оның арақ ішкеніне және бұған дейін бірнеше бас жылқының жоғалуына көз жұма қараған. Алайда соңғы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.
«150 мың теңеге адам үй сала ала ма? Ұлдарының да қанша ақша алатынын білемін. Өзім құрылысшымын. Адам айлыққа үй сала алмайды. Жылқыларымның ақшасына үй салды”, - деді кәсіпкер.
Ол жылқышсының айлығын көтермегенін де айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облыстық соты Рахат Сәрсеновке қатысты істі қайта қарап, үкімнің күшін жойып, оны сот залынан босатқан болатын. Осы оқиғадан кейін қоғамда жылқышыны қолдаған азаматтар қаржылай көмек көрсетіп, баспана сыйлаған еді. Ал енді іске қатысты екінші тарап та өз уәжін жариялап отыр.