Бүгін – күйші Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1160

Бүгін атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Ол 1946 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, дирижер қызметін атқарды.

Халық әртісі, күйші Қаршыға Ахмедияров 50-ге жуық күй жазған.

Көпшілік арасында өнер иесіне күй Қаршығасы, саңлақ күйші, күй аспанының Қаршығасы, ғасыр күйшісі деген атаулар берілген.

Бүгінде Қаршыға Ахмедияров орындаған 500-ден астам күй радио, телевизия мұрағатында сақтаулы.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...