Бану Оңдасынова. Кибертерроризм!

Жаңалықтар
4107

КИБЕРТЕРРОРИЗМ!
«Пайдаңды тигізбесең де, зияныңды тигізбе!»
Дәл қазір фейсбук еркін, кім болса сол айтқысы келгенін айтып, оғын оңды-солды қалаған адамына қаратып ата беретін алаңға айналды. Меніңше, шын патриот, шын іскер, шын қоғам жанашыры күні бойы бұрқыратып пост жазып фейсбукта отырмайды. Патриотта адамгершілік, ар, ақыл, байыптылық болады.
Қазақтың фейсбугы бір адамға немесе жалпы тағдырына реніші бар, соны шығарудың амалын іздегендердің алаңына айналды. Белгілі бір адамның жанына батқан қайғысы болса, күйеуі тастап кетсе, өмірде жолы болмай жүрсе, ояна сап фейсбукқа кіріп алып «миллиондаған адамның жүйкесіне шабуыл жасау» оның көңілін көтеріп, сергітіп, бақыттырақ ете ме? Өкініштісі, біздің фейсбук осындай кек қайтару, өш алу, кекету, бірін-бірі боқауыз-былапыт сөздермен қорлау құралына айналды. Сөйтіп жазып отыратындардың көбі қырықтан асып, елуге таяған, ақыл тоқтатқан адамдар. Топ-топ болып біріне бірі тас атып, зәрін шашып жатады.
Ақша үшін біреуді қаралап, оңды-солды оқ ата беретін оппозиционер-блогерлер өз алдына. Жұмысқа орналасып, адал еңбектеніп нан тапқысы келмейтіндер фейсбукте саяси пост жазып табыс табады. Жұмыссыз жүргендердің біразы фейсбукта елде болған жағдай туралы "мен бүйтіп ойлаймын, сөйтіп ойлаймын" деп пост жазып, өзін өзі қоғам белсендісі сайлап алды. Сондай қырттардың бәрі жабылып фейсбукты шірітіп, тоздырып, ақылы бар, арлы адам кірмейтін қоқыс алаңына айналдырды. Шын мәнінде, ол адамдар жүйкесінде ақаулық бар, парасатсыз, адамгершілігі төмен кибертеррористер.
Сондай фейсбуктағы кибершабуылшылардың оқ боп қадалатын ауыр сөзінен, «ана қылығыңды елге жария қылам» деген бопсасынан немесе белгілі бір әрекетін видеоға түсіріп алып жариялаған «кибертеррорынан» қаншама адам күйзеліске түсіп, қиналады. Тіпті өзіне қол салады.
Осы жерде орынды-орынсыз, былапыт, дау, көлдей-көлдей шабуыл-пост жазып отыратын фейсбук белсенділерін қазақтың жанашыры, зиялы, мәселен, ел басқару ісіне араласса, үлкен шаруа тындыра алатын тұлға деп мүлде санамаймын!

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...