Айтыскер Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2039

Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Шолпан Қыдырниязова 76 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

БҚО халық шығармашылығы орталығынан мәлім еткеніндей, Шолпан Қыдырниязова 1949 жылы 6 мамырда Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген.

Шолпан Батырқызы 1967-1971 жылдары Орал педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде бастап, кейін мұғалім, мектеп директорының орынбасары, аудандық кеңесте түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2004-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып, мемлекеттік тіл мен ономастика саласының дамуына үлес қосты. 1980 жылы республикалық ақындар айтысында жеңіске жетіп, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атанды. Қаратөбе ауданында «Жас ақындар» мектебін ұйымдастырып, бірнеше жыр жинақтарын шығарды. «Құрмет» ордені мен бірнеше медальдің иегері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...