«Құрбысы келіп жүргеннен кейін өзгерді»: Мадинаның көршісі жаңа дерек айтты

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
94

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызы туралы ауылдағы көршісі пікір білдірді. Оның айтуынша, сырт көзге жас жұбайлардың қарым-қатынасында айтарлықтай мәселе байқалмаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Нұргүл есімді көршісі Мадина мен оның күйеуі Мадиярды ауылда бірге көріп жүргенін айтқан. Сондай-ақ ол кейінгі уақытта жас келіннің жүріс-тұрысынан өзгеріс байқағанын жеткізді. Бұл – көршінің жеке пікірі екенін атап өткен жөн.

«Екеуі қол ұстасып-ақ жүрген. Келіннің құрбысы келіп, қонып жүрді. Содан келіннің мінезі, түрі басқаша бола бастады. Еліктеді ме… Бала тапса да балалығын қоймаған жас келін ғой», – дейді көршісі.

Бұған дейін осы көрші ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс байқамағанын да айтқан. Ал басқа көршінің сөзінше, Мадина қайтыс болған күні Мадияр досының туған күнінде болып, үйде болмаған.

Мадина Рашидқызының өліміне байланысты Жамбыл облысының полициясы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайын анықтауда. Сондықтан көршілер мен әлеуметтік желіде айтылған нұсқалар тергеудің ресми қорытындысы болып саналмайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын мәлім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Айбек Дәдебай бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Оны...