"Қан ізі бар балта қайдан шықты?": Сәрсемәлиев сотында күтпеген тың дерек айтылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
417

Журналист Жанат Молдашова Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде айтылған тың дерекке назар аударды, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Бұл туралы Ult.kz жазды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында атышулы іске қатысты көпшілікке бұрын белгісіз болған жайтты жазды. Журналистің айтуынша, үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қан ізі бар балта табылғаны өткен сот отырысында айтылған.

Алайда бұл дерек сотта толық ашылмаған. Молдашованың сөзінше, бұған дейін аталған балта туралы еш жерде айтылмаған.

"Үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қанның ізі бар балта табылған. Өткен сот процесінде айтылды. Бірақ толық ашылмады. Ол балта туралы бұған дейін айтылмады. Ол қайдан шықты? Кімнің қаны?" – деп жазды журналист.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің көкейінде жаңа сұрақтар тудырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы дүниеге келгеннен кейін бастан өткерген ауыр сынақтар...

Шоу-бизнес

Жұртшылыққа "Хан" деген атпен танымал белгілі асаба Қасым Өтешев қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 т...