Бурабайда көл жағасында демалып жүргендер жанжалдасып, артынша пышақтасып кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
455

Бурабай ауданындағы көл жағасында демалушылар арасында жанжал шығып, соңы пышақтасуға ұласты. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Төбелес Щучинск қаласындағы «Большой забой» жағажайында болған. Жергілікті тұрғындар арасындағы келіспеушілік салдарынан бір ер адамның сол жақ білегі мен сол қолы тілініп кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды, қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады полиция өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...