Астанада оқушы қызды автобус қағып кетті

Фото: azattyq ryhy

ЖАҢАЛЫҚТАР
1328

Астанада жолаушылар автобусы жолдан өтіп бара жатқан оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Telegram-дағы Kris_p_astana арнасының мәліметінше, оқиға жол ережелеріне сай белгіленген өткелде болған. Алайда белгісіз себептермен автобус жүргізушісі уақытында тежегіш басып үлгермеген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала түрлі жарақат алып, дереу балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, автобустың салонда болған бір жолаушы да қатты тежеу кезінде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тексеріс жүріп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...