“Әкесі жоғалып кеткен”: Қостанай облысында 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1571

Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды, - деп хабарлайды madeniportal.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 1995 жылы 58 жастағы Александр Хан Қазақстаннан белгісіз себептермен хабарсыз кеткен. Оның қызы Юлия Хан Қостанай Полиция басқармасына жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады. Әкесін іздеу оның өмір бойғы арманына айналған. Александр Ханның 1995 жылы алыс шетелге тұрақты тұруға кетіп, отбасымен байланысын үзгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері Юлияның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын бастаған.

"Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның Францияда ұзақ жылдар бойы тұрғаны анықталды. Әртүрлі себептермен ол туыстарымен байланысын жалғастыра алмаған, бірақ қызының табандылығы мен полицейлердің еңбегі бұл олқылықтың орнын толтырды. Жиырма жылдан кейін әке мен қыз қайта қауышып, бұл кездесу Хан отбасы үшін үлкен қуанышқа айналды", - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай Алматыда иттер талаған Максим есімді баланың жағдайы туралы айтты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Biz Birgemiz Qazaqstan қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі Астана қ...