Алматы облысында бірге ішімдік ішкен азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар жаға жыртысып, артынша күйеу...
Алматыда бір мезетте төрт көлік соқтығысты
Фото: видеодан скриншот
989
Алматыда төрт автомобиль қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полицияның мәліметінше, Рысқұлов даңғылы бойымен шығысқа қарай қозғалған Haval жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен қатар жүріп келе жатқан Chery-ге соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы екі автокөлік — Audi және Hongqi-мен қақтығысқан.
Апат салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Haval жүргізушісі ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал Audi жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық стационарға тасымалданған.
Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.