Актер Жан Байжанбаевтың басы дауға қалды

Фото: Instagram/ zhan_baizhanbayev

ЖАҢАЛЫҚТАР
673

Қазақстандағы бір киномектеп 15 жастағы қыздың актер Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсуі үшін бір жарым миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

«Жетінші арна» мәліметінше, Ұлпан есімді келіншектің 15 жастағы қызы Көркем әлеуметтік желілер арқылы кастинг туралы біледі. Онда Жан Байжанбаевпен бірге фильм түсіруге шақырады. Катинг ұйымдастырушылар міндетті түрде ата-аналарымен келуді тапсырады. Әуел бастан менеджерлер Ұлпанға оның қызы басты рөлге ие болатынын, ол жабық шоуға лимузинмен келіп, қызыл кілеммен жүретінін айтады. Бірақ бұл үшін ата-аналар бір жарым миллион теңге төлеуі керек болған. Ұйымдастырушылар әйелдің бірден төлеуін талап етті.

«Біздің кезегіміз келгенде мені менеджерге апарды. Олар Жан Байжанбаевпен бірге 30-40 минуттық қысқаметражды фильм түсіретінін айтты. Осы үшін біз бір жарым миллион теңге төлеуіміз керек екен», - дейді келіншек.

Ұлпан бұл туралы әлеуметтік желілерде де айтты. Сол кезде көптеген адамдар оған бұл жиі кездесетін тәсіл екенін жазды. Киноға түсуге немесе модельдік курстарда оқуға шақыратын және сол үшін ақша сұрайтын көптеген агенттіктер бар екен.

Актер Санжар Мәди бұл әрекеттерді алаяқтық деп бағалады. Сонымен қатар ол «Рөл алу үшін ешқашан ақша төлемеңіздер» деп ескертті.

Жан Байжанбаевтың менеджері рөлді сомдауға шақырылғанын растады. Бірақ оқу процесі мен бағаға актердің еш қатысы жоқ екенін, бұған тек студия жауапты екенін айтты.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...