Талғарда ер адам мас күйде 15 жасар қызын пышақтап өлтірген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1010

Талғарда ер адам мас күйде 15 жасар қызын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында болған. Мас ер адам қызы отырған ас үйге кірген. Екеуінің арасында дау туып, әкесі пышақ алып, өз қызын бірнеше рет пышақтаған. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.

Ер адам есін жиған соң туыстарына қоңырау шалып, қылмысын мойындаған. Ол қызымен жиі жанжалдасып жүрген.

Қыз әкесінің алкогольді көп қолданатынына ренжіп, бірнеше рет полицияға хабарласқан. Ер адам полицияға: "Ол мені маскүнем деп атады. Сосын көзім қарауытып кетті" деп айтқан.

Ер адам қамауға алынды. Қазір тергеу изоляторында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...