Норвегияда ұшақ апатты жағдайда қонып, көгалға шығып кетті

Фото: Vg.no

ЖАҢАЛЫҚТАР
2025

Норвегиядан Нидерландыға ұшқан Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда Сандефьорд халықаралық әуежайында қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы норвегиялық  күнделікті шығатын Vg.no басылымы хабарлады.

Голландиялық Royal Aviation Company (KLM) әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Осло әуежайынан Амстердамға көтерілу кезінде қатты дыбыс шыққан соң Сандефьорд халықаралық әуежайына бағытталды.

Төтенше қону кезінде Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағынан асып, көгалға шығып кеткен.

Ұшақтағы 176 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің зардап шекпегені, оқиғаға қатысты тергеу басталғаны хабарланды.

Норвегиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ гидравликалық жүйедегі ақауға байланысты шұғыл қонған.

Сондай-ақ Vg.no басылымының хабарлауынша Ослодағы Саннефьорд әуежайы жергілікті уақыт бойынша жексенбі күнгі кешкі сағат 18.00-ге дейін жабылған.  Бұл шамамен 5000-ға жуық жолаушы жолынан қалып отыр деген сөз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...