Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжілісте «Мәдение...
«Алдымыздыздан өткен жоқ»: Марқұм Ұлдананың анасы видеоүндеу жариялады
ашық дереккөз
Астанада былтыр тұрғындарды құтқаруға асығып бара жатып, үстіне кондиционер құлап, көп қан жоғалтудан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта шаңырақ көтергені әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді, деп хабарлады MadeniPortal.kz
Осы оқиғадан кейін көпшіліктің сұрауымен Ұлдананың анасы Салима Ершанқұлқызы арнайы видеоүндеу жазып, оны отбасының заңгері Нұрсұлтан Орынбеков желіде жариялады.
Анасының сөзіне қарағанда, бұрынғы күйеу баласы жаңа неке туралы ескертпеген әрі марқұмның артында қалған мүліктеріне қатысты да шешілмеген мәселелер бар. Ол бұл жағдайды арнайы бейнежазбада түсіндіріп өтті.
«Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша, алдарыңыздан өтті ме деп жатыр. Жоқ, ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ. Тағы айта кететін жағдай, қызымның тергеуі болып жатыр. Әділет жәбірленуші ретінде танылған. Енді бұл жәбірленуші ретінде бас тартқанын қалаймын. Заң талабына сәйкес қызымның 17 жасынан жинақталған зейнет қорындағы ақшасы Әділетке берілді. Маңдай терімен алған көлігі 18 қарашадан 22 шілдеге дейін Әділетте болып, жақында ғана ата-анасына қалдырылып біздің атымызға аударылды. Анасы ретінде қызымның заңды мүдделерін қорғауға өз ниетімді білдіремін», – деді Салима Ершанқұлқызы.