Музыкалық шығармаларды орындаушылар фонограмма қолданатынын көрерменге хабарлауға міндетті болады. Б...
Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі актрисаға ай сайын 1 млн теңге төлеуге уәде берді
ашық дереккөз
Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты жаңа мәлімдеме жасап, алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Продюсер бейнежазбада камзолды қайта көрсетіп, оның қазір өзінде екенін және қауіпсіз жерде сақталып жатқанын айтты.
– Ол маған осы киімді сақтап келген әйелдің сыйы ретінде берілді. Камзолдың тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді, бірақ әзірге ол менде. Әрине, ерте ме, кеш пе бұл ұлттық құндылықты музейге тапсырамын, – деді ол.
Сонымен қатар Алагөзова актриса Меруерт Өтекешеваға үндеу жасады. Ол ризашылық белгісі ретінде актрисаға тон сыйлап, ай сайын тұрақты түрде 1 млн теңге төлеуге уәде берді.
– Меруерт апай, сізге өзімнің шағын сыйлығым – тонды табыстағым келеді, ұнайды деп үміттенемін. Сонымен қатар жеке өзімнің және жұбайымның атынан сізге өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде алғыс төлемін тағайындағым келеді, – деді ол.
Еске салсақ, «Қыз Жібек» культтік фильміндегі камзол қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың жұбайы Баян Алагөзованың қолына өткен еді.