Танымал актер журналистен көмек сұрап жазба жариялады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
143

Белгілі әзілкеш әрі актер Жанболат Найзабеков тележүргізуші Динара Сәтжаннан көмек сұрап, желіде әзілге толы жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол танымал журналистен жұбайы Жұмабек Жанықұлмен кездесу ұйымдастыруды өтінген. 

Әзілкештің айтуынша, өзі түсірген «Бауыр» фильмі 5 қарашадан бастап көрерменге жол тартады. Осыған орай ол фильмнің премьерасы қарсаңында Жұмабек Жанықұлмен кездескісі келетінін жеткізген.

«Динара, менің “Бауыр” деген кином 5 қарашадан бастап шығады. Соған 3 қарашада барып, ағаға құлағымды шеркізіп алсам, бос па екен?» – деп әзілдеді Жанболат Найзабеков.

Видеода, Динара Сәтжанның да бұл өтінішке әзілмен жауап бергенін байқауға болады. Ол әзілкешке " Шертуше тапсыоыстср көп" деп бос емес екенін жеткізген. Ал, Жанболат Найзабеков болса онымен қоймай "Онда көзімді шұқып бере ала ма" деп әзілін жалғастырған. Әрине журналист те түсіністік танытып "Көз шұқу қымбат болады" деп әзілдеген.

Актердің бұл өтініші желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Олар оның тапқырлығына тәнті болып, жазба астына түрлі пікір қалдырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшылары қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...