Зайсанда кәмелетке толмаған жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
603

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Сот оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне ("Адам өлтіру") сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады. 

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде "марқұм әйел мұғалім болғаны және қылмыс "Көк кит" интернет ойынымен байланысты болуы мүмкін" деген ақпарат тарады.

ШҚО Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды. Марқұм әйел педагог болмаған. Сондай-ақ, тексеріс барысында оқиғаның "Көк кит" ойынымен байланысы да расталмаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді (ӘТК) жөндеу...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектептердің бірінде білім алатын екі кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық зорлық-зо...