Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындад, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады
Фото: Ақорда
Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы – мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жоғары орган.
Палатаның негізгі міндеті – республикалық бюджеттің атқарылуын, мемлекет қаражаты мен активтерінің қаншалықты тиімді әрі заңды пайдаланылғанын бақылау. Ол мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және бюджет қаражатын пайдаланатын ұйымдарда аудит жүргізе алады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Конституциялық соттың 10 судьясын тағайындағанын жазған болатынбыз.