Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтіледі

Фото: Pinterest

ЖАҢАЛЫҚТАР
420

Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кезекті кеңес өтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігі қарастырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталды. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, ірімшік, суықтай қақталған скумбрия, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Осы тізімнің ішінен әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...