Жағажайдағы демалыс қайғылы аяқталды: Павлодарда ер адам есін жимастан көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
313

Павлодар облысындағы жағажайлардың бірінде қайғылы оқиға болды. Тұзды көл жағасында демалып жүрген ер адамның кенеттен жағдайы нашарлаған. Дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Өңірлік жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға Щербақты ауданында болған.

Алдын ала деректер бойынша, 66 жастағы ер адам жағажайда демалып жүрген кезде өкпесіне ісіну түсіп, үшінші дәрежелі комаға түскен.

Алғашқы медициналық көмекті оған жергілікті дәрігерлер көрсеткен, кейін науқас жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. Ер адам шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, қабылдау бөлімінде көз жұмған.

Сонымен қатар, демалыс күндері өңірде суға байланысты тағы екі оқиға тіркелді. Бір жағдайда 15 жастағы қыз суға түсіп, құмға батып кетіп құлаған. Екінші жағдайда 1950 жылы туған ер адам суға батып кете жаздаған. Екеуін де құтқарып қалу мүмкін болған.

Дәрігерлер тұрғындарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жағажайда алкогольдік ішімдік ішпеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Ош қаласында төрт баланың анасы Зарнигор Закированың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...