Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымынан кетті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1406

Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымынан кетіп, президенттің көмекшісі болды. Мұрат Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаев келді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бүгін, 26 қыркүйек күні Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу ҚР президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

Бірнеше жылдар бойы СІМ-де лауазымды қызметтер атқарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...