Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды&nb...
Әлеуметтік желідегі балағат сөзі үшін әйелге 86 мың теңге айыппұл салынды
Фото: gov.kz
106
Павлодарда полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде балағат сөздер жариялаған әйелдің аккаунтын анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Құқық қорғау органдары оның жеке басын жедел анықтап, 41 жастағы Алматы тұрғыны Шынар Акаева екенін хабарлады.
Әйел әлеуметтік желідегі әрекеті үшін ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілерде және тікелей эфирлерде жарияланған заңға қайшы контентке құқықтық баға берілетінін ескертті.