86,7% адам “иә” деген: Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1018

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі:

«Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%.

Еуразиялық интеграция институтына тапсырыс берген «24.kz» арнасының хабарлауынша, Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты.

Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.

Шоу-бизнес

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, отбасындағы қуа...

ӘДЕБИЕТ

2008 жыл. 1 ақпан. Сенбі. Сарышұнақ аяздың беті қайтар емес. Аяғым ауыр. Дәрігер сәбиімнің дүни...