«Алғабастағы алапат өрт»: Аман қалған адамдардың жағдайы белгілі болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
714

Түркістан облысында жеке үйде болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, «Қазавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына ұшып барған.

«Санитарлық рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК-ның үйлестіруімен ұйымдастырылды», - деп хабарлады ТЖМ.

Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болған. Алапат өрттен аман қалған 1990 жылғы азаматша Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal....