Алғаш рет робот-иттер қоғамдық тәртіпті күзетуге шықты

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
491

Шығыс Қазақстан облысында полиция жаппай іс-шара кезінде алғаш рет робот-иттерді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге пайдаланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа технология Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде өткен «Nomad Álemi» заманауи көшпенділер мәдениеті фестивалінде сынақтан өткізілді.

Робот-иттер белгіленген аумақты патрульдеп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізе алады. Олар бейнежазбаларды талдап, адамның бет-әлпетін тануға қабілетті. Жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде полицияның Жедел басқару орталығына жіберіледі.

Сонымен қатар роботтар жарық сигналдары және дауыстық ескерту жасауға арналған дауыс зорайтқыштармен жабдықталған.

Полицияның мәліметінше, робот-иттер дәстүрлі патрульдердің жұмысын толықтырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен оқиғаларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектептердің бірінде білім алатын екі кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық зорлық-зо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде Неке сарайында адам қолынан қаза тапқан әйелдің артында 4 баласы қалды. Олардың екеуі күдік...