Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі.Бұл туралы Мем...
Қазақстанда адам өлтіргендердің жаза мерзімін қысқарту мәселесі қаралды
Фото: Pixabay
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қылмыстық және әкімшілік амнистия туралы заң жобасын қарады. Құжат аясында айыппұлдарды есептен шығару және сотталғандардың жаза мерзімін қысқарту ұсынылып отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.
Заң жобасын депутат Снежанна Имашева таныстырды. Оның айтуынша, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстарға қатысты қолданылады.
Қылмыстық рақымшылық аясында залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстар үшін жауапкершіліктен босату ұсынылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша келтірілген шығын толық өтелсе, жаза мерзімін қысқарту қарастырылған, – деді депутат.
Демек сот белгілеген шығын толық өтелген жағдайда сотталған адам амнистия бойынша жаза мерзімін қысқартуды сұрай алады. Алайда соңғы шешімді сот қабылдайды.
Осыған байланысты қоғамда Қуандық Бишімбаев ісі қайта талқылана бастады. Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған еді.
2024 жылдың қыркүйегінде сот Бишімбаевты марқұмның отбасына 16,8 миллион теңге төлеуге міндеттеген. Нүкенованың ата-анасы өтемақы өндіріп алудан бас тартқан. Ал оның ағасы Айтбек Амангелді 1,5 миллиард теңге талап етіп, апелляция бергенімен, сот бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Теориялық тұрғыда, егер заң осы күйінде қабылданса және барлық талап орындалса, Бишімбаев та жаза мерзімін қысқартуға өтініш бере алады.