Әли Оқапов Роза Рымбаеваны ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1126

7 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында өтетін үлкен концертке дайындық барысында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ұлы Әли Оқаповтан құттықтау алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әли Оқапов анасын аншлагпен құттықтады – әншінің 50 жылдық шығармашылық мерейтойына арналған екінші концертке де барлық билеттер сатылып кеткен.

"Екінші концерт те SOLD OUT! Тыңдармандарға рахмет!", – деп жазылған әншінің Instagram-парақшасындағы видеода. Онда ұлы Роза Рымбаеваға гүл шоғын сыйлап жатқан сәті бейнеленген.

Еске сала кетейік, көрермендерді елдегі үздік музыканттар мен Al Jazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен тек басты хиттер ғана емес, басқа да әндер күтеді.