Әли Оқапов жүзін әжім басып, шашы ағара бастағанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1163

Белгілі әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Әнші отыз бес жасында ақ шашы мен әжімі бар екен жасырмады.

«Жақында бір әріптес апайым айтқандай, түрің 25, ішің 45 сияқты деп. Ал жасым бұйырса келесі жылы 35. Білмедім жақсы ма, жаман ба, бірақ солай. Әжімдер де бар, алғашқы ақ шашымды да жақында шаштараз тауып берді. Әйтеуір өзіме ұнайды», - деді әнші Әли Оқапов.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары әншіге жүрекжарды лебіздерін білдірді.

«Денің сау болсын. Бақытты бол!», «Али тұңғыш балалар солай болады ерте есейеді. Аман бол анасының тірегі», «Ерте есейдің ғой інім жауапкершілік сезініп, аман бол», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Әли Оқапов болашақтағы жоспарымен бөліскен еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...