Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) аралас жекпе-жектен өткен Octagon 77 турниріні...
Астанада жеті жастағы бала көлік айдаймын деп апатқа ұшырады
ашық дереккөзден алынған
1411
Астанада жеті жасар бала үлкендердің қарауынсыз қалып, ата-анасының көлігінің кілтін алып, машинаны оталдырып, аулада тұрған автокөліктерге соғылған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Кейін полиция баланың және оның ата-анасының жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
«Ата-аналарға өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды, көлік құралдарының кілттерін және өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – деді Астана қаласы полициясы.