Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 маусымкүні сағат: 19.00-де «Алатау» дәстүр...
Алмады да полицейлерді қырып өлтірген түрмедегі Күлекбаев тірі ме? Тың дерек
Фото: видеодан кадр
Алматының Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, «полицияның 8 қызметкері мен екі тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге әрекет жасады» деп айыпталған Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
2016 жылы қарашаның 2-сі күні Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Ербол Болатов Алматының Алмалы ауданы ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шілденің 18-і күні шабуыл жасап, полицияның сегіз қызметкері мен екі тұрғынды атып өлтірді деп айыпталған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу, оның дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.
Оған адамды бас бостандығынан заңсыз айыру; қарақшылық; бөтеннің көлігін иелену; қару жасау; қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, сақтау немесе алып жүру; қаруды жымқыру не қорқытып алу; адам өлтiру; терроризм актісі баптары бойынша айып тағылған болатын.
Қазақстан қылмыстық кодексінде аса ауыр қылмыс түрлеріне өлім жазасы қарастырылғанымен, 2003 жылы желтоқсанда қабылданған президент жарлығы бойынша, жазаның бұл түрін қолдануға мораторий жарияланған.
Қазіргі таңда Күлекбаев “Қара бүркіт” түрмесінде жазасын өтеуде.