Иманғали Тасмағамбетов шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
203

Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен Иманғали Тасмағамбетовке қатысты әлеуметтік желілерде тарап кеткен әртүрлі пікірлер мен айыптаулар қоғам назарын аударғаны белгілі. Ел арасында түрлі алыпқашпа әңгімелер өріп, кейбір қолданушылар оның отансүйгіштігіне күмән келтіріп, тіпті «сатқын» деп айыптаған жандар да табылды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігіне сілетеме жасап.

Алайда, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов бұл жағдайға қатысты алғаш рет ашық мәлімдеме жасап, өз ұстанымын және өмірлік ұстанған қағидаларын қоғамға ашық жеткізді. Ол өзінің жауапты сөзінде халқына, еліне адал қызмет ету – өмірінің басты мақсаты болғанын баса айтты.

Тасмағамбетов мәлімдемесінде: «Сотқа жүгініп, біреумен дауласып жүрген адам емеспін. Себебі ақтың отын ақымақ өшіре алмайды», – деп, ел арасындағы әділдіктің тек көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен сезілетін құндылық екенін меңзеді.

Қоғам қайраткері әлеуметтік желіде айтылған жалған ақпараттар мен орынсыз кінәлаулардың адам абыройына тигізер әсерін жоққа шығармайды. Бірақ соларға бой алдырмай, сабыр мен парасат биігінен қарайтынын білдірді. Ол «әлеуметтік желінің жылдам таралуы – ар алдындағы жауапкершілікті ұмыттырмауы тиіс» деген ойын нақты айтты.

Сонымен қатар ол халқымыздың рухани қолдауын әрдайым сезініп, ел алдындағы жауапкершілікті ұмытпағанын атап өтті. Қызмет барысында ешқашан ұялатындай іс-әрекетке бармағанын айтып, ар алдында да, халық алдында да жүзі жарық екенін сеніммен жеткізді.

Қоғамда орын алып жатқан кейбір әділетсіз пікірлерге сабырмен жауап қайтарған Иманғали Тасмағамбетов өзінің әрбір сөзімен елді ауызбіршілікке, парасатқа, ойлы көзқарасқа шақырды. Ол ар мен намысты бәрінен жоғары қойып, елдің тұтастығы үшін күрескен азамат екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ораза айт құтты болсын! деп аяқтаған мәлімдемесінде ол барша халыққа ізгі тілегін білдіріп, бірлік пен амандық тіледі. Иманғали Тасмағамбетовтің бұл мәлімдемесі – көпшілікке ой салар, елдік мүдде тұрғысынан маңызды үндеу болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр елде қосылған құн салығының 12 пайыздан 20 пайызға дейін артуы мүмкін екенін мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астаналық массажист Замир Байковты ұрып кеткені жайлы оның туған ағасы Дамир әлеуметтік желіде жаз...