"Рухани жаңғыру" мен "Қазақтану" жобасын ұштастыра отырып, іс-шаралар ұйымдастыр...
Норвегия әлеуметтік желі қолданушылары үшін қатаң жас шектеуін енгізбек
Фото: vdkb.vrngmu.ru
Норвегия әлеуметтік желі қолданушылары үшін қатаң жас шектеуін енгізбек. Үкімет технологиялық компанияларды "кішкентай балалардың миына қарсы" деп санап, оларға қатысты науқанды күшейтпек, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Theguardian.com басылымының жазуынша, Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стёре бұл "ауыр шайқас" болатынын мойындап, бірақ саясаткерлер балаларды "алгоритмдердің үстемдігінен" қорғау үшін бұған араласуы керек деп мәлімдеген.
Бүгінде Скандинавия елінде ең төменгі жас шегі – 13. Осыған қарамастан, Норвегия медиа агенттігінің зерттеуіне сәйкес, тоғыз жастағы балалардың жартысынан көбі, он жастағы балалардың 58%-ы және он бір жастағы балалардың 72%-ы әлеуметтік медианы пайдаланады.
Үкімет балалардың жас шектеулерін айналып өтуіне жол бермеу үшін қосымша сақтық шараларын қабылдауға уәде берді, соның ішінде жеке деректер туралы Заңға түзетулер енгізген. Оған оған сәйкес әлеуметтік желі қолданушыларының жасы 15-тен асқан болуы керек. Платформа олардың жеке деректерін өңдеп, әлеуметтік желі қолданушысының жасын анықтай алатын болады.
"Балалар әлеуметтік желілердегі зиянды мазмұннан қорғалуы керек. Бұл кішкентай балалардың миына қарсы шыққан үлкен технологиялық алыптар. Біз бұл қиын шайқас екенін білеміз, өйткені мұнда күшті күштер бар, бірақ бұл жерде де саясат қажет" деді ол.
Ол әлеуметтік медиа қоғамда өзін жалғыз сезінетін балаларға қауымдастық ұсына алатынын түсінетінін айтқанымен, өзін таныту тәсіліне алгоритмдер үстемдік етпеуі керек деп санайды.
Балалар мен отбасы министрі Кьерсти Топпе Ставангерде балалардың онлайн-белсенділігін қатаң реттеуді жақтайтын ата-аналармен кездескенде, бұл шара ата-аналарға да көмектесуге бағытталғанын айтты.
"Әңгіме ата-аналарға "жоқ" деп айтуға мүмкіндік беру туралы. Біз көптеген адамдар шынымен "жоқ" деп айтқысы келетінін білеміз, бірақ олар оны мүмкін емес деп санайды" дейді ол.
Оның айтуынша, Үкімет банктік шотты талап ету сияқты адам құқықтарын бұзбайтын шектеулерді орындау әдістерін зерделеп жатыр.
Австралия да жасөспірімдер мен жас балаларға әлеуметтік медиаға тыйым салатынын жариялады, Жас шегі әлі анықталған жоқ, бірақ ол 14 пен 16 жас аралығында болуы мүмкін.
Франция 15 жасқа дейінгі оқушыларға мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отыр. Егер бастама сәтті іске асса, тыйым бүкіл елде қаңтардан бастап енгізілуі мүмкін.
Соңғы жылдары әлеуметтік желінің қолданушылар мен қоғамға, тіпті ел қауіпсіздігіне зияны мен қаупін айтып, оны реттеу, болмаған жағдайда бұғаттау мәселелері жиі көтерілетін болған.
Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болып жатыр. Жуырда ғана қос депутат TikTok желісінің балаларға зияны мен залалы туралы мәлімдемелер жасап, желі әкімшісіне бірнеше талап қойып, оларды орындамаған жағдайда мүлде бұғаттау туралы бастама көтерген.
Бұрынырақта осы тағылетес талаптар фейсбук желісіне қатысты да айтылатын. Жуырда Қазақстандағы медиа сапасын арттыру бойынша жұмыс істейтін Factcheck ресурсы Meta-ның Қазақстандағы алғашқы серіктесі атанған. Алайда ресурс ақпараттық жалған я шын екенін анықтаумен айналысды. Десе де фейсбуктың Қазақстандық сегментінде кей саяси жазбалар өшіп кететін болған. Сарапшы мұны боттардың шағым түсіруімен байланыстырады.