Тараздағы ең ірі сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабар түсті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2094

Бұл жолы белгісіз біреулер қаладағы ең ірі «Март» сауда-ойын-сауық орталығын миналағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Оқиға орнына дереу арнайы қызмет өкілдері жетіп, келушілер мен жұмысшылар шұғыл эвакуацияланды.

15 ақпанда 102 пультіне сауда орталығына бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Жамбыл облыстық Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, саперлер, кинологтар мен жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Ғимарат толық тексеріліп, эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...