57 жастағы әлемдегі алғашқы гей имамның мәйіті табылды, деп хабарлады madeniportal.kz smartnews.kz-к...
Газ өңдеу нысанында жарылыс болып, 13 адам қаза тапты
Фото: freepik
Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік кешеніндегі газ өңдеу нысанында қуатты жарылыс болып, 13 адам қаза тапты. Тағы 66 адам жарақат алған. Бұл туралы Қатар билігі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 21 маусым кешінде Барзан газбен жабдықтау нысанында болған. Жарылыс жұмысшылар нысандағы операцияларды қайта іске қосуға дайындалып жатқан кезде тіркелген. Артынша өрт шыққан. Құтқару қызметтері оқиға орнына дереу жетіп, жалынды бақылауға алған.
Қатардың Энергетика министрі Саад әл-Кааби оқиғаны техникалық ақаудан болған өндірістік апат деп атады. Оның сөзінше, жарылыс диверсия немесе қасақана шабуыл салдарынан болмаған. Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін толық тергеу басталған.
Қаза тапқандардың арасында Үндістан мен Пәкістан азаматтары болған. Жараланған 66 адамның барлығы медициналық көмек алып жатыр, олардың ешқайсысының жағдайы өміріне қауіп төндіретін деңгейде емес деп хабарланды.
Ресми мәлімет бойынша, жарылыс Қатардың сұйытылған табиғи газды экспорттайтын негізгі нысандарына тікелей әсер етпеген. Рас-Лаффан порты мен басқа да логистикалық операциялар штаттық режимде қалған.
Рас-Лаффан – Қатардың энергетикалық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі. Сондықтан апат халықаралық энергетикалық нарықтың да назарын аударды. Қазір мамандар нысандағы залалды бағалап, апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.