«Терезеден секірген»: Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
5525

Астанада Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері өлі күйінде табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм 21 сәуір, дүйсенбі күні тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған.

«Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді бастап кетті. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Астана қалалық Полиция департаменті де бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Алғашқы мәліметтерге сәйкес, 42 жастағы азамат өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар жан-жақты зерттелуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

100 жылқыны ұрлады деп сотқа тартылып, рақымшылыққа іліккен Рахат Сәрсеновтың ісінде ветеринар да өз...