Алматы облысында өртенген полицей өліміне қатысты тың деректер жарияланды

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
378

Алматы облысында өртенген күйде табылған полиция қызметкерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ақпаратқа сәйкес, марқұмның жұбайы да бұрын полицияда қызмет еткен. Ол биыл ақпан айында жұмыстан кеткен. Дереккөздердің мәліметінше, марқұм әйеліне бұған дейін де бірнеше рет күш көрсеткен. Әйелі денесіндегі жарақат іздерін көрсетіп, бірнеше рет Бостандық аудандық полиция басқармасына жүгінгенімен, бұл жанжалға қатысты тиісті шара қолданылмағаны айтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған күні майор жұмыстан кеш оралған. Үйде ұстара жүзіне байланысты жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Осы кезде олардың 15 жастағы екі ұлы мен 14 жастағы досы араласқан. Мәліметке сәйкес, ұлдарының бірі әкесінің басынан қатты затпен ұрған. Кейін ес-түссіз жатқан ер адамды киіммен байлап қойған. Тергеу нұсқасы бойынша, оның тынысы тоқтағанша байлаулы күйде жатқан.

Одан кейін күдіктілер мәйітті көпқабатты үйдің жанында тұрған көлікке салып, Алматы облысының Кеген ауданына алып кеткен. Көкпек – Көктал – Кеген тас жолынан шамамен жарты шақырым ішке кіріп, мәйітті өртеп жібергені айтылып отыр.

Қазіргі таңда марқұмның әйелі, екі ұлы және олардың досы қамауға алынған.

Құқық қорғау органдары іс бойынша тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін жарияланған мәліметтер алдын ала сипатта екенін ескерген жөн.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша кәмелетке толмағандардың қорғаушыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...