Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2117

Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жол апаты Жамбыл ауданында, Алматы - Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Үш көлік соқтығыстып, салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.

"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...