Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескеннен кейін қазақ тілінде жазба жариялады

Сурет: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1620

Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені жөнінде қазақ тілінде хабарлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Макрон Х платформасында қазақ тілінде жазба жариялады.

«Мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен телефон арқылы сөйлестім.

Біз стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін, әсіресе көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты талқыладық. Бұл қараша 2023 жылы Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен жылдың қарашасында президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы болып табылады.

Сонымен қатар біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказда өтіп жатқан келіссөздерді», — деп жазды Франция президенті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...