Алматы облысында жас келіншек көз жұмды

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
139

Алматы облысында жас әйел қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның туыстары «НеМолчиKZ» қозғалысына жүгініп, істі бақылауға алуды сұраған.

Туыстарының айтуынша, 23 шілдеде әйелді күйеуі ұрып, соның салдарынан қолы сынған. Ал 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі таңда бұл — өлімнің ресми нұсқасы.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тергеліп жатыр.

Марқұмнан екі жасар егіз балалары қалды.

«НеМолчиKZ» өкілдері істі жан-жақты, бейтарап әрі мұқият тергеуді талап етті.

Бұл — осы аптада жас әйелдің кенеттен қайтыс болуына қатысты тараған екінші ақпарат.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадинаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші статусынан бас тартпақ, деп хабарлайды...