Алматы облысындағы ұн шығаратын зауытта жойқын жарылыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1901

Алматы облысындағы ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын зауытта болған жарылыстан төрт адам зардап шекті. Олар ауыр күйікпен аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 100 маман мен 51 техника жұмылдырылып, бес сағатта ауыздықталған.

Зардап шеккендердің туыстары науқастардың жағдайы туралы ақпарат ала алмай отыр. Жараланғандардың бірі — электрик, үшеуі — цех шеберлері.

Зауыт басшылығы барлық материалдық көмекті көрсетеміз деп уәде етті. Ал оқиғаның нақты себебі анықталу үстінде. Қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...