АҚШ бүкіл әлем бойынша виза беруді уақытша тоқтатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
80

Republic басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бүкіл әлем бойынша АҚШ визасына сұхбаттасуға жазылуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл шешім консулдық қызметтерді жаһандық деңгейде қайта ұйымдастыру және виза алуға өтініш берушілерді тексеру тәртібін күшейтуге байланысты қабылданған.

АҚШ Мемлекеттік департаменті осыған байланысты ел ішіндегі және шетелдегі елшіліктер мен консулдық мекемелер қызметкерлеріне арналған жаһандық оқыту бағдарламасын іске қосқан. Визаға өтініш берушілерді қабылдау кестесі аталған бағдарлама талаптарына сай қайта қаралады.

Сұхбаттасуға алдын ала жазылып қойған азаматтарға электронды пошта арқылы кездесулерінің тоқтатылғаны туралы хабарланады. Оларға сұхбаттасудың жаңа күні мен уақыты кейінірек белгілі болатыны ескертілген. Бұл шешім Трамп әкімшілігінің иммиграциялық бақылауды күшейту саясаты аясында қабылданып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясы жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың тізімін жариялады, де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатардың Рас-Лаффан өнеркәсіптік кешеніндегі газ өңдеу нысанында қуатты жарылыс болып, 13 адам қаза...