Павлодарда ер адам 3 жастағы баласын аяусыз ұрып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1450

22 қыркүйекте Павлодар облысының Тереңкөл ауданы, Осьмерыжск ауылында әкесі үш жасар туған баласын аяусыз ұрып, өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам мас күйінде өз баласын аяғынан ұстап, екі рет жерге ұрған. Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйек күні түнде «Тереңкөл аудандық ауруханасының» қабылдау бөліміне үш жасар бала ауыр жағдайда жеткізілген.

«Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, қастың үстіндегі жарақаты бар. Дененің әр жері көгеріп, қан құйылған. Жасалған барлық реанимациялық шаралар нәтиже бермей, бала көз жұмды. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деп жазылған хабарламада.

Күдікті болып жәбірленушінің әкесі танылды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...