Алматы тауында ер адам қар көшкінінің астында қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
874

Құтқарушылар тауда қалып қойған ер адамды қар көшкінінен сәтті шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бүгін 112-ге Алматы қаласы, Сухой трассасынан тыс аумағында ашық арқан жолының аумағында ер адамды қар көшкіні басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына дереу Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Шымбұлақ курортының құтқарушылары жіберілді. Құтқару қызметтерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адам тез арада табылып, қар астынан шығарылды", – делінген хабарламада.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...