Алматы және Жетісу облысына әскерилер жиналады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2898

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ресми хабарламада 2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының «Жағалау» оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024»  командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғаны туралы айтылған.    

«Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сондықтан да азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...