Шымкентте 2 қыз жыныстық құлдықтан құтқарылып, бар сұмдықты жайып салды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1912

Шымкентте полицейлер 15 және 16 жастағы екі қызды жыныстық құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды MADЕNIPORTAL.KZ.

Екі жасөспірімді 22 жастағы қыз Алматы мен Тараздан алдап шақырған. Бойжеткен оларды пәтерге орналастырған, бірақ іс-әрекетін түсіндірмеген.

Босатылғаннан кейін қыздар Шымкент қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығына орналастырылды. Оларға мамандао психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

«Бізге келгенге дейін қыздарды алдымен жастарды бейімдеу орталығына жіберді. Алайда тергеу шаралары барысында олардың жыныстық қанаудың құрбаны болғандығы анықталды. Осыдан кейін ата-аналардың рұқсатымен олар біздің орталыққа ауыстырылды», деп хабарлады орталықтағылар.

Айта кетерлігі, соңғы бес жылда қалада адам саудасына қатысты 15 оқиға анықталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп...